Ақтөбелік әйел 3,5 млн теңгесін "банк қызметкеріне" ұстата салған

650

Ақтөбеде алаяқтар азаймай тұр, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

Ақтөбелік әйел 3,5 млн теңгесін "банк қызметкеріне" ұстата салған

Қала тұрғынын Whatsapp мессенджері арқылы хабарлама жіберген адам өзін банк қызмсеткерімін деп таныстырып, "белгісіз біреулер несие рәсімдеуге тырысып жатыр, егер мен айтқан қадамдарды жасасаңыз, алдын алуға болады" деп сендіреді.  Сөйтіп сенгіш әйел өз еркімен 3,5 млн теңгесін "банк қызметкеріне" аударып бергенін кейін түсінеді.  

Қазір полицейлер күдіктілерді анықтап, ұстау үшін жедел іс-шаралар жүргізіп жатыр.

"Алаяқтық" бабы бойынша іс қозғалған. Тәртіп сақшылары тұрғындарға сақ болуды ескертеді. Күмәнды транзакциялар туралы банк  ешқашан клиентке  қоңырау шалып хабарламайды, жазбайды. Әлеуметтік мессенджер арқылы хабарламаға да мән бермеуді ескертеді. Себебі көп жағдайда бұл алаяқтардың әрекеті болып шығады.


#алаяқ#ақша#банк

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу