Ақтөбелік әйел кішкентай балаларын қарт әжесіне тастап кеткен

317

Қала тұрғыны бір апта бойы балаларына бармаған. 

Ақтөбелік әйел кішкентай балаларын қарт әжесіне тастап кеткен Фото: polisia.kz

Ювеналды полицияның жұмысының негізгі бағыттарының бірі – ата-аналары алкогольді асыра пайдаланатын қолайсыз отбасылармен жұмыс істеу. Шілде айында ювеналдық полиция инспекторлары осындай тағы бір отбасын анықтады. Ақтөбе қаласының тұрғыны 81 жастағы мүгедек әжесіне үш жас баласын қалдырып, өзімен бірге 5 жасар баланы алып, үйіне бір апта келмей, белгісіз бағытта серуендеп кеткен. Бір аптадан кейін әжесі ауырып қалғандықтан, ол танысынан балаларға қарай тұруды өтінген. Алайда танысы балалардың анасының мұндай жауапсыздығына ашуланып, полицияға қоңырау шалып, балалардың бақылаусыз қалғанын хабарлаған.

Ювеналдық полиция инспекторлары шақыртуға жедел келді.

 – Біз кәмелетке толмағандардың анасын бірден таба алмадық. Бір сағат ішінде ол өзінің жүрген жері туралы әртүрлі нұсқаларын хабарлады, келуге уәде берді, бірақ келмеді. Үйге келуге асықпаған, – дейді полиция қызметкерлері.

Бұл дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Тәртіп сақшылары балаларды “Аяла” балаларды оңалту орталығына және “Үміт” сәбилер үйіне олардың қауіпсіздігі үшін орналастыру туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта балалардың жағдайы қанағаттанарлық. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу