Ақтөбелік алты балалы әке үйінің шатырында есірткінің үлкен партиясын сақтаған

649

Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Ақтөбелік алты балалы әке үйінің шатырында есірткінің үлкен партиясын сақтаған Фото: polisia.kz

21 қыркүйек күні Ақтөбе облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтөбе облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, есірткіге масаң күйдегі ер адамды ұстады.

Ұсталған 45 жастағы ер адамды тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде үйінің шатырынан ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік заттары салынған бір қап табылды.

"Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 23 келі 500 гр марихуана есірткі құралы екені белгілі болды. Осы факті бойынша ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Бұл ретте күдіктінің алты кәмелетке толмаған баласының бар екені анықталды", делінген хабарламада.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу