Ақтөбелік ардагерге 70 жылдан соң орден табыс етілді

987

Ақтөбелік ардагерге 70 жылдан соң орден табыс етілді

Ақтөбелік соғыс ардагері Нұртаза Аухинов көзі тірісінде  өзіне тиесілі орденді ұзақ жылдар күтіпті. Өкінішке қарай құжатында тегі дұрыс жазылмағандықтан мемлекетттік марапат жетпіс жылдан соң ғана ардагерге бұйырды.

Қазақстандағы Ресей Федерациясы консулының үшінші хатшысы Артем Максимов ардагерге тиесілі Ұлы Отан соғысының екінші дәрежелі орденінің құжатын марқұмның балаларына табыстады.  

Нұртаза Аухинов 17 жасында әскер қатарына шақырылған. Ақтөбе облысы Темір ауданының тумасы. Соғысқа аттанған жас жігіт әуе-десант бригадасы сапында екінші, үшінші Украина майданындағы ұрысқа қатысқан. Кейін ату полкінің командирі ретінде Румыния, Венгрия, Аустрияға дейін барады. Бас қолбасшы И. Сталиннің резервіне алынады. Елге 1950 жылы оралады. Елге келген соң еңбекке қызу араласты. Ұзақ жылдар темір аудандық метеостанцияда, кейін  аудандық милиция бөлімшесінде жұмыс істеді. Cоғыс ардагері 55 жасында көз жұмады. Ардагердің балалары әке аманатын орындады. Ұлы Бегайдар Аухинов әкесінің майданда жазған күнделігі марапатты іздестіруге көп септігін тигізгенін айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу