Ақтөбелік бизнесмендер үшін қаржылай қолдау күшейтілді

1220

Ақтөбелік бизнесмендер үшін қаржылай қолдау күшейтілді

Нәсібін кәсіптен тапқан ақтөбелік бизнесмендер үшін қаржылай қолдау күшейтілді. Ресми деректерге сәйкес, олар бөлінген қаржыны толығымен игеріп, жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша мойнына алған міндеттемелерін орындап отыр. Нақты айтқанда, осы салада еңбек ететін адамдардың саны 130 мыңнан асып отыр.

Ал жыл басынан бері мемелекеттік және жергілікті арнайы бағдарламар аясында кәсіпкерлер 4 млрд 800 млн теңге несие алған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда, 300 млн теңгеге жоғары және тағы бір атап өтерлігі, берілген несилердің арасында микрокредиттер басым. Осындай қолдаудың нәтижесінде өңірде сұранысқа ие тауарлар өндірісі артып, отандық өнім шығаратын кәсіпорындардың үлесі еселенген.

Мейірхан Жанкелдіұлы, "Даму" Қоры аймақтық бөлімінің кеңесшісі:

"Осы ағымдағы жылы Даму қоры арқылы Жаппай кәіспкерлікті дамыту бағдарламасы аясына 545 млн теңге бөлінді. Бұл қаражат екінші деңгейлі банктерге орналастырылды. Бағдарламаның қосылғанына көп уақыт өтпегендіктен, әзірге 18 млн теңгенің бір жобасы мақұлданды. Тағы да 20 жоба қарастырылп жатыр".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу