Ақтөбелік фермер тасқыннан зардап шеккен әріптестеріне 250 бас мал мен 250 тонна дәнді-дақыл тұқымын бөлді

246

Аманғос Төлеуовтің шаруашылығы Қарғалы ауданында орналасқан. 

Ақтөбелік фермер тасқыннан зардап шеккен әріптестеріне 250 бас мал мен 250 тонна дәнді-дақыл тұқымын бөлді Фото: Әзиз Жанұзақ

Бұл аудан су тасқынынан аман қалған болатын. Өзге аймақтардағы шаруалар мал-мүліктерінен, баспаналарынан және қора-қопсыларынан айрылып жатқанын көргенде серіктестік басшысы шыдап отыра алмаған. Қарамағындағы қызметкерлерді жинап, ақылдаса келе әріптестеріне қолдау көрсетеміз деп шешкен. Осылайша 100 тонна тұқымдық бидай, 100 тонна арпа, 50 тонна судан шөбінің тұқымын бөлді.

"Әсіресе, егін егетін Қобда ауданының, мал өсіретін Ойыл ауданының шаруаларының жағдайы қиын болды. Малдары, дәнді-дақылдары, тұқымдары судың астында қалды. Еліміз қиналғандарды ешқашан далада қалдырған емес. Біз де игілікті іске өз үлесімізді қосайық деп шештік. Бұл көмек екі аудандағы шаруаларға бөлінеді. Ойылға 40 тонна арпа тұқымын, 25 тонна судан шөбінің тұқымын, 200 қой, 50 қашар беретін болдық. Қалғаны Қобдаға барады. Бұл жұмыстармен Ауыл шаруашылығы басқармасы айналысып жатыр", - деді "Степное" ЖШС төрағасы Аманғос Төлеуов.

Серіктестік егін шаруашылығымен қоса мал өсірумен де айналысады. Тек аудандағы емес, облыстағы дамыған инфрақұрылымы бар серіктестіктің бірі саналады. Аманғос Төлеуов Қарғалы ауданының, оның ішінде өзінің туып-өскен ауылының көркеюіне де үлес қосып жүр. Елді мекендегі әлеуметтік мекемелерге көмек қолын созып отырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу