Ақтөбелік хоккейшілер Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін

897

Ақтөбеде өткен ойында алаң иелері 17 рет қарсылас қақпасынан саңылау тапты. Ал қонақтардың тек бір шайба соғуға қауқары жеткен. Мұндай көрсеткіш бұрын-соңды хоккей тарихында болмаған.

Ақтөбелік хоккейшілер Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін

Ақтөбелік хоккейшілер жастар арасындағы ел біріншілігінде барлық кездесуде жеңіске жетіп, чемпиондық атақты иеленген болатын. Былтыр ғана құрылған команда 36 ойында бірде-бір қарсыласқа есе жібермепті. Ал ең ірі есеп алматылық командамен болған кездесуде тіркелді, деп хабарлайды 24.kz.

Ақтөбеде өткен ойында алаң иелері 17 рет қарсылас қақпасынан саңылау тапты. Қонақтар сол ойында тек бір шайба соғуға қауқары жеткен. Мұндай көрсеткіш бұрын-соңды хоккей тарихында болмаған. Мәселен ұлттық хоккей лигасында "Питсбург пингвинс" командасы 1992-1993 жылғы маусымында қатарынан 17 ойында ғана жеңіске жеткен. Сондықтан қазір "Ақтөбе" хоккей клубы өкілдері Гиннестің рекордтар кітабына тіркеуге тиісті құжаттар жинауда.

 "Қарағандылық "Сарыарқа" командасы қатарынан 23 ойында жеңіске жеткенін білемін. Олар да Гиннестің рекордтар кітабына өтініш білдірген. Ал біз 36 рет жеңіске жеттік. Сондықтан біздің өтінішімізді рекордтар кітабының комиссиясы қабылдайды деп үміттенемін", – дейді "Ақтөбе" ХК аға бапкері Ринат Омарбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу