Ақтөбелік шағын және орта бизнес өкілдері ағымдағы жылдың бірінші жартысында 370 млрд теңгеге өнім шығарған. Бұл жалпы облыстағы өнімділік көрсеткішінің 19 пайызын құрайды. Өңірде тіркелген шағын және орта бизнес субектілерінің басым бөлігін жеке кәсіпкерлер құрайды. Олардың саны облыста 65 мыңнан асады.
Кәсіпкерлердің айтуынша, бүгінгі таңда, өңірде бизнес табысты әрі қарқынды дамып келеді. Аймақ экономикасы мен бизнес дамуының басты шарты-ол тұрақтылық деп отыр кәсіпкерлер.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу