Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы Әсет Төребаевтың сөзінше, былтыр 148 тексеру шарасы жүргізілді. Оның ішінде 129 жағдайда бұзушылықтар анықталған. Нәтижесінде 11 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды, деп жазады inbusiness.kz.
Тексеру шараларының жартысында тексерілмеген өлшеу құралдарын пайдалану деректері анықталған (75 бірлік).
"Өткен жылдың 12 айында жасалған меморандум аясында техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді айналымға шығару фактілері бойынша Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен 25 материал келіп түсті. Өнімді таңбалау бөлігіндегі бұзушылықтар үшін кәсіпкерлік субъектілері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 415-бабы 1-тармағына сәйкес айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның жалпы сомасы – 9,4 млн теңгеге жуық. Бұдан бөлек тамақ өнімдеріне (консервіленген ананас, шұжық және нан-тоқаш өнімдері) сәйкестік туралы төрт декларацияның күші жойылды", - деп атап өтті Әсет Төребаев.
Департамент сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды қолдан жасау дерегі бойынша 3 материалды құқық қорғау органдарына жіберді.
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты техникалық реттеу бөлігінде тыйым салулар мен шектеулерді сақтау қағидалары туралы ақпаратын қарау нәтижелеріне сәйкес, ҚР ӘҚБтК 415-бабы 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес 2 кәсіпкерлік субъектісі жалпы сомасы 896 мың теңгеге айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.