Ақтөбелік кәсіпкерлер майлық қағаз шығарады

867

Олардың клиенттері карантин кезінде көбейе түскен.  

Ақтөбелік кәсіпкерлер майлық қағаз шығарады

Ақтөбелік көпбалалы ана Жаңылай Ибраева бала күтімімен үйде отырғанына қарамастан, бизнесін жандандырып отыр. Ибраевтар отбасының шағын цехы қағазды өңдеп, күніне 600 қаптама майлық қағаз шығарумен айналысады.

Ерілі-зайыптылар бұл кәсіпті қолға алу жөнінде былтырдан бері ойлай бастаған. Сөйтіп, бизнес жоспар дайындап, "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасынан көмек алады. Екінші деңгейлі банк филиалына олардың жобасын "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша қаржыландырылды. Аталған банк филиалының директоры Айнұр Медетбаева түсіндіргендей, кәсіпкерге 5 миллион теңге 60 айға берілген. Несие субсидияланып, оның тоғыз пайыздық үстемақысы қаржы институты арқылы өтеледі. Ал қалған алты пайызы – кәсіпкердің өз мойнында.  

Қазіргі күні Ибраевтар тауарын инстаграм желісіндегі @Qagaz_kz парақшасы арқылы жарнамалап, таратып отыр. Карантин шараларына қарамастан олардың тұтынушыларының саны өсе түсіпті. "Qagaz_kz" өніміне қазіргі күні облыс тұрғындарынан бөлек, қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану мекемелері көптеп тапсырыс бере бастаған. Болашақта кәсіпкерлер әжетхана қағазын шығаруды да қолға алмақ.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу