Ақтөбелік кәсіпкерлер су тасқыны кезінде азық-түлік бағаларын негізсіз көтерген

302

Бұл жағдай рейдтік іс-шаралар барысында анықталды. 

Ақтөбелік кәсіпкерлер су тасқыны кезінде азық-түлік бағаларын негізсіз көтерген Фото: Әзиз Жанұзақ

Облыс бойынша мониторингтік топтар күшейтілген режимде жұмыс істеді. Ірі сауда нысандарынан бастап шағын дүкендерге дейін тексерілді. Нәтижесінде, бағаны негізсіз көтерген жеті кәсіпкер анықталып, жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өңірдегі алыпсатарлардың жұмысы да назардан тыс қалмады. Баға үстемесінің асып кетпеуін болдырмау үшін делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссияның жұмысы да күшейтілген. Облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас Салықбаевтың айтуынша, әкімшілік құқық бұзушылық жасау деректерінің саны тағы артуы мүмкін.

"Жүргізілген мониторинг барысында кәсіпкерлер осал жағдайды пайдаланып, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын көтергені анықталды. Бұл кәсіпкерлік субъектілеріне ескертулер мен айыппұлдар түрінде әкімшілік жазалар қабылданды. Бүгінгі таңда 204-бап, 4-тармақ бойынша "ӘМАТ-қа сауда үстемесінің асып кетуі" бойынша 17 сауда субъектісі тартылып, оның ішінде 2 субъект ТЖ режимі жарияланған аудандарда болғаны анықталды. Бұдан басқа, аудандардағы тағы 4 дүкен иесіне қатысты әкімшілік істер қаралып жатыр", - деді ол.

Қазір облыста "Жедел желі" жұмыс істеп тұр. Тұрғындар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын негізсіз өсіру дерегін байқаған жағдайда Кәсіпкерлік басқармасына да хабарлай алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу