Ақтөбелік келіншек әлеуметтік көмектің арқасында қорасын қойға толтырды

4444

Кәмшат Әлімқұлова бес баласына берілген атаулы әлеуметтік көмектің шашауын шығармай, ай сайын бір қойдан сатып алып отырған.

Ақтөбелік келіншек әлеуметтік көмектің арқасында қорасын қойға толтырды

Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық кентіндегі көпбалалы ана ауылдастарын таң қалдыруда. Кәмшат Әлімқұлова бес баласына берілген атаулы әлеуметтік көмектің шашауын шығармай, ай сайын бір қойдан сатып алып отырған. Бүгінде қорасы қойға толған көпбалалы ана болашақта мал шаруашылығын дамытқысы келеді.

"Масылдықтан мал тапқан жақсы. Әр ай сайын берілген әлеуметтік көмектің ақшасына бір қойдан сатып алдым. Қазір қорада жиырма шақты қойымыз бар. Бұл ойды жолдасым айтқан болатын. Үйдің ер азаматы болған соң бәрін өзі үйлестірді. Мен тек себепшімін. Қойдың ешқандай ауыртпалығы жоқ. Бағуы жеңіл. Оның үстіне ауылда отырғаннан кейін барды ұқсата білу керек.  Мал бақсаң жақсы. Етін сатсаң ақша, тамақ болады. Балалар да өсіп қалды. Бала оқыту да оңай емес",– дейді көпбалалы Кәмшат Әлімқұлова.

Әлімқұловтар әулеті мал шаруашылығын дамытуды көздеп отыр. Аз ғана уақыттың ішінде балалары да малға үйреніп, бағып-күту жұмыстарына қолғабыс етіп жүр. Аузы көкке тиген қойларын қазір өріске шығарады.

Темір ауданында жәрдемақыны жан бағуға емес, жағдайды жақсартуға жұмсап отырған отбасылар аз емес.

"Аз қамтылған отбасылардың ішінде атаулы әлеуметтік көмекке берілген қаржыны тиімді пайдаланып отырғандар бар. Олардың бірі мал сатып алып, екіншісі егіншілікпен айналысып, келесілері халыққа әртүрлі қызмет түрлерін ұсынып жүр. Биыл ауданымызда 162 отбасы  атаулы әлеуметтік көмек алады. Бұл отбасыларлағы 200-ден аса балаға мемлекеттік кепілдендірілген пакет яғни азық түлік топтамасы және гигиеналық құралдар топтамасы табысталды",– дейді Темір ауданы әкімінің орынбасары Жандәурен Қойшыбаев.

Ардақ Ерубаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу