Ақтөбелік қыз Сеулдегі Хэллоуинде қаза тапты

2462

Бұл туралы ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады. 

Ақтөбелік қыз Сеулдегі Хэллоуинде қаза тапты Фото: РИА новости

Сеул қаласының жедел штабы мен полициясының мәліметінше, Итэвон ауданындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың арасында Қазақстан Республикасының азаматы, 1996 жылы туған, Ақтөбе облысының тумасы табылды.

Ол Корея Республикасының жоғары оқу орындарының бірінің студенті болған. 

Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан азаматтың туыстарымен байланыста, құжаттарды ресімдеуге және мәйітті Қазақстанға одан әрі жеткізуге барлық қажетті көмек көрсетуде.

Соңғы мәлімет бойынша 151 адам қайтыс болды. Олардың 19-ы шетелдіктер. Арасында – Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Австралия, Норвегия, Шри-Ланка, Иран және Қытай азаматтары бар.

Еске сала кетсек, Оңтүстік Кореяда Ұлттық аза тұту күні жарияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу