Ақтөбелік мұғалім алаяқтың арбауына түсіп қалды

895

Ол біліктілікті арттыру туралы сертификат сатқан алаяққа 240 мың теңге төлеп, "құжатты" ала алмаған.

Ақтөбелік мұғалім алаяқтың арбауына түсіп қалды Фото: inbusiness.kz

Алданып қалғанын түсінген ақтөбелік мұғалім полицияға жүгінді. Күдікті ұсталды, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, педагогикалық қызметпен айналысатын әйел интернет-қосымшалардың бірінен оқусыз сертификат беретін біліктілікті арттыру орталығының қызметі туралы ақпаратты көреді. Ол осы қызмет үшін алаяқтарға 240 мың теңге аударған. Алайда тиісті құжатты ала алмай, құзырлы органдарға жүгінді. 

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейдер Ақтөбе қаласының 30 жастағы тұрғынын анықтады. Ол кінәсін мойындады. Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер оның осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғын анықтап жатыр", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу