Ақтөбелік мұғалім ерекше балаларға домбыра үйретудің әдісін ойлап тапты

1262

Ұстаз ерекше балаларға музыкалық аспаптарда ойнауды үйретіп жүр.

Ақтөбелік мұғалім ерекше балаларға домбыра үйретудің әдісін ойлап тапты Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Ақтөбе қаласында музыка пәнінің мұғалімі Гүлсана Мағзымбетова ерекше балаларға музыкалық аспаптар тартуды үйретіп жүр, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құлағында мүкісі бар қатысушылар үшін ұстаз түрлі-түсті түстер мен геометриялық фигуралар арқылы нота үйрету методикасын ойлап тапқан. 

Ол жеті нотаны жеті түрлі түске бояп, бес саусақты геометриялы пішіндерге ауыстырыпты.

Министрліктің мәлімдеуінше, оқу әдістемесінің авторлық құқығы бар және ол Берн конвенциясы арқылы бірнеше елде қорғалған. 

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Гүлсана Мағзымбетовадан бүгінде түрлі сырқаты бар 30 бала тәлім алып жүр. Бойындағы түрлі дертіне қарамай, домбыра тартуды меңгерген өнерпаздар қалалық байқаулардан бастап, облыстық, республикалық бәйгелерде көзге түсіп келеді.

Ақтөбелік ұстаздың айтуынша, бұл әдіс балалардың денсаулығына оң әсер етеді екен.

"Кез келген музыкалық аспапты тарта білу екі ми бөлігін бірден жұмыс істеуге итермелейді. Цебральді сал ауруына шалдыққан балалардың қол моторикасы жақсы дамиды. Осы әдістеме арқылы басқа да аспаптарда ойнауға болады", – дейді Гүлсана Мағзымбетова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу