Ақтөбелік оқушы Эдинбург университетінен шақырту алды

656

Дәуіт Нұрланов қазір NIS-тің соңғы сыныбында білім алып жүр.  

Ақтөбелік оқушы Эдинбург университетінен шақырту алды Фото: NIS баспасөз қызметі

Ол - жан-жақты талантымен және академиялық жетістіктерімен танылып үлгерген шәкірттердің бірі, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. Оқушы IELTS және SAT халықаралық емтихандарында өте жоғары нәтиже көрсеткен.

Жақында оған әлемдік рейтингте 15-орында тұрған Эдинбург университеті өздерінде білім алуға шақырту жіберді.

Дәуіт олимпиадалар мен математикадан өткен түрлі турнирлерде топ жарып жүр. Одан бөлек экологияға деген қызығушылығы да ерекше. Шығармашылық қарым-қабілеті де мақтауға тұрарлық. Фортепианода шебер ойнайды. Сондай-ақ бокспен айналысады.

"Дәуіт тек жақсы оқып қана қоймай, сонымен қатар іс-шараларға да белсене қатысады. Математикалық есептерді шешу болсын, басқа салаларда болсын, белсенді және креативті", - деді математика пәнінің мұғалімі Альфия Медведева.

Эдинбург университеті Ұлыбританияның "Russell Group" элиталық университеттер тобына кіреді. Сол елдегі барлық ғылыми гранттардың шамамен 70%-ы осы топқа тиесілі. Дегенмен Дәуіт Нұрланов нақты шешім қабылдай қоймаған.

"Қазіргі уақытта Еуропа мен Азияның бірнеше университеттерінен тағы да шақыртулар күтудемін. Менің арманымдағы университеттен қанағаттанарлық жауап естимін деп үміттенемін. Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қорытынды емтихан тапсыруға мүмкіндік бергені үшін өз мектебіме алғысым шексіз. Сондай-ақ математика пәнінің мұғалімдеріне менің осы ғылымға деген құштарлығымды дамытуға қосқан құнды үлесі үшін зор ризашылығымды білдіремін", – деді оқу озаты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу