Ақтөбелік өрт сөндірушілер Ресейге көмекке аттанды

939

Ресейдің Орынбор облысындағы өрт сөндірушілер ақтөбелік әріптестерінен көмек сұрады.

Ақтөбелік өрт сөндірушілер Ресейге көмекке аттанды

Ақтөбелік өрт сөндірушілер Ресейдің Орынбор облысына аттанды. Жанған құрғақ шөпті сөндіруге 50-ге жуық қызметкер мен 6 техника жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ресейдің Орынбор облысындағы өрт сөндірушілер ақтөбелік әріптестерінен көмек сұрады.

"Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сағат 16.40-та Орынбор облысында құрғақ шөптің жанып жатқаны және жақын аймақтардағы елді мекендерге қауіп төнгені, осы орайда өртті сөндіру үшін қосымша күш пен құрал қажет екені туралы ақпарат келіп түсті. Ал 18.30-да Ақтөбе облысында жедел штаб жұмысын бастады. Департамент басшылығы ҚР ІІМ ТЖК Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен РФ ТЖМ Орынбор облысы бойынша басқармасы арасындағы өзара көмек көрсету жоспарын орындау мақсатында өртке қарсы қызмет күші мен құрылымынан 36 адам мен 5 техника жіберді. Сонымен қатар, Қарғалы ауданы ерікті өртке қарсы құрылым жасағынан 10 адам мен 1 дана техниканы аттандырды",- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу