Ақтөбелік өрт сөндірушілер шекарада кезекшілік жасады

421

Мәртөк аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің алты жұмысшысы көрші Ресей Федерациясының Орынбор облысымен шекарада кезекшілікке тұрды.

Ақтөбелік өрт сөндірушілер шекарада кезекшілік жасады Фото: Мәртөк ауданы әкімдігі

Бұл туралы Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Ғарыштан мониторинг жасау барысында Орынбор облысындағы Кувандық қалалық округі  маңында далалық өртеніп жатқаны анықталды. Көрші мемлекеттің өрт сөндірушілері аталған аумақта сөндіру жұмыстарын жүргізген. Мәртөк ауданының мамандары  қызыл жалын Бөрте  елді мекеніне  таралмас үшін жағдайды бақылауға алды. 

"Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен алты адам арнайы техникамен барды. Одан бөлек Бөрте шекара бөлімінде 5 адам,  еріктілерден 5 адам  үш арнайы техника кезекшілікке шықты. Кезекішлік бүгін таңғы сағат 8 сағат 40 минутта аяқталды. Ресей Федерациясы аумағында  шыққан өрт елді мекенге қарай таралған жоқ" - деп хабарлады Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу