Ақтөбелік полицей заттай айғақ ретінде тәркіленген темекіні кәсіпкерге өткізіп жіберген

253

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары қылмыстық іс бойынша заттай айғақ ретінде тәркіленген темекіні жауапкершілігі шектеулі серіктестікке беріп жіберген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтөбелік полицей заттай айғақ ретінде тәркіленген темекіні кәсіпкерге өткізіп жіберген

Мемлекетке 243 млн теңге шығын келтірді. Сот үкімімен полиция қызметкері бас бостандығынан айырылды.

Қылмыстық іс Мәртөк аудандық сотында қаралды. Мәртөк аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасарына Қылмыстық кодекестің "Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану" бабы бойынша айып тағылды.

Іс материалына сүйенсек, Мәртөк аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары 2020 жылы тамыз айында заттай айғақ ретінде тәркіленген 611 960 дана темекіні қорабымен жауапкершілігі шектеулі серіктестікке заңсыз беріп жіберген. ЖШС-нен облыстық ПД есепшотына ешқандай қаржы аударылмады. Нәтижесінде шығын көлемі 243 млн теңгеге жеткен.

- Сотталушы кінәсін мойындамады. Алайда темекіні сату үшін бергенін, бұл ретте ешқандай пайдакүнемдік ниеті болмағанын көрсетті. Прокурор соттан ҚР ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп тануды және полиция майоры шенінен, 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындауды сұрады. Соттың үкімімен Е. 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, - деп хабарлады Мәртөк аудандық сотының баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу