Ақтөбелік полицейлер сәбиге көмектесті

1697

Араққа тойып алған ата-ана оған қарауды "ұмытып" кеткен.

Ақтөбелік полицейлер сәбиге көмектесті

Ақтөбелік полицейлер екі айлық сәбиге дер кезінде көмекке келді. Ащы суға тойып алған әке-шешесі нәрестені қараусыз қалдырыпты, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Қаладағы көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерде баланың тынбастан жылап жатқаны жөнінде полицияға көршілер хабарлайды. Көрсетілген мекен-жайға келген тәртіп сақшылары үйдегі ересектердің мас болып жатқанын, ал сәбидің күтімсіз қалғанын көреді. Полицейлер баланы дереу бөлімге жеткізіп, алғашқы көмек көрсеткен. Оны құрғақ киімге орап, сүт қоспасымен тамақтандырып, жедел медициналық қызметті шақырады.

"Қазіргі уақытта екі айлық бала балалар үйіне жатқызылды, оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ. Ата-аналар қолайсыз отбасы ретінде полиция есебіне қойылды, оларды ата-ана құқығынан айыру туралы мәселе қаралуда. Баланың 32 жастағы анасы бұған дейін де полиция есебінде тұрған болатын", - деп хабарлайды ПД баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, осыдан екі апта бұрын да қалада осындай жағдай болған еді. Онда ішімдікке салынған анасы үш баланы үйге қамап қойып, олардың "көмектесіңдер" деген айқайын естіген көршілер полицияға хабар берген. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу