Ақтөбелік полицейлер жолда қалған азаматтарға көмек көрсетуде

907

Ақтөбе облысындағы ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты, бірнеше жол бағыттары жабылды.  

Ақтөбелік полицейлер жолда қалған азаматтарға көмек көрсетуде

Осыған байланысты, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері ЖШС "КазАвтоДор",  ҰК "КазАвтоЖол" АҚ мекеме өкілдерімен бірлесіп, жолда қиын жағдайда қалған көлік жүргізушілер мен жолаушыларға көмек көрсетіп жатыр. Соның бірі - Хромтау ауданынан келе жатып, жолда боранда баласымен қалған жолаушы Молдабаева Жұлдыз.

"Мен – Хромтау қаласының тұрғынымын. Мен қызымның  денсаулығына байланысты, яғни шұғыл ота жасау қажеттігіне орай, дәрігердің нұсқауымен қалаға шыққан болатынмын. Бірақ ауа-райы жағдайы нашар. Боран, дым көрінбейді. Жолда қалған соң, полиция қызметкерлері біз үшін жауапкершілік алып, қалаға дейін ілестіріп жүрмекші. Рақмет сіздерге", – деді ол.

"Азаматтардың жол бойындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық жол қызметкерлері мен құралдар жұмылдырылды. Жолда немесе батып қалған көлік жүргізушілері мен жолаушыларға барынша көмек көрсетіп жатырмыз. Ол үшін қажетті шараларды қолға алып отырмыз", – деді ЖПҚБ бастығының орынбасары Айдос Құлжанов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу