Ақтөбелік полиция қызметкерлері 5 қап есірткі тәркіледі

1115

Полиция қызметкерлері 5 адамды ұстады.

Ақтөбелік полиция қызметкерлері 5 қап есірткі тәркіледі

Ақтөбеде полиция қызметкерлері 110 келі марихуана тәркіледі, деп хабарлайды aktobenews.kz.

"Департаменттің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Қылмыстық атқару жүйесі департаменті 5 қап есірткі тәркіледі. 110 келі марихуана саяжай аумағындағы жертөле ішінен табылды. Полиция қызметкерлері 5 адамды ұстады", – деді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің "Ескірткі заттарын заңсыз дайындау, сақтау, сату" бабы бойынша тергеу жұмыстары басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу