Ақтөбелік шаруалар мал сатып алуға берген ақшаны талан-таражға салған

404

Олар алаяқтық жасады деген күдікке ілініп отыр.  

Ақтөбелік шаруалар мал сатып алуға берген ақшаны талан-таражға салған Фото: Inbusiness.kz

Ақтөбеде шаруа қожалықтарының басшылары алаяқтық дерегі бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ақтөбе облысының прокуратурасы Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың заңдылығын тексеру нәтижелері бойынша кредиттік қаражатты мақсатсыз жұмсау фактілерін анықтады.

"Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ Ақтөбе филиалымен "Сыбаға" және "Агробизнес" мемлекеттік бағдарламалары бойынша шаруа қожалықтарына ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу үшін кредиттік қаражат берілген. Алайда 3 шаруашылық ірі қара малы сатып алмай, жалпы сомасы 189,5 млн теңге несие қаражатын басқа мақсаттарға жұмсаған", - делінген прокуратура хабарламасында.

Қылмыстық құқықбұзушылық белгілерінің болуына байланысты материалдар ЭТД-не жіберілді.

Олар бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, қазіргі уақытта тергеу нәтижелері бойынша 1 қылмыстық іс сотқа жіберілді, 2 іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу