Ақтөбелік студенттерге облыс әкімінің атаулы стипендиясы берілді

1318

Ақтөбелік студенттерге облыс әкімінің атаулы стипендиясы берілді

Аталған  шәкіртақы оқу үлгерімі жоғары, қоғамдық жұмыстарға белсенді ат салысқан,сонымен қатар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан түрлі оқу орындарының 177 студентіне тағайындалды.

"Жыл өткен сайын ғылыммен айналысып, кәсіпкерлікке бет бұрған жастар саны артып келеді. Биыл жоғары оқу орындарынан 200-ге жуық ғылыми жұмыс түсіп, орта оқу орындарынанан 100-ден астам бастама көрсетілді. Осы жылы 137 жасқа стипендия тағайындауға шешім шығарылды. Бұл қуантарлық жағдай", – деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин стипендияны табыстау салтанатты шарасында.

Стипендияны кәсіптік және техникалық оқу орындарының 40 студенті алды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу