Ақтөбелік тарихшы тың дерек тапты

946

Шаһардағы ескі қорымнан 17-18-інші ғасырларда өмір сүрген қазақ сұлтандарының құлыптастары табылды.

Ақтөбелік тарихшы тың дерек тапты Фото: inbusiness.kz

Тарихи жаңалықты Талғат Жұмағамбетов бастаған тарихшылар айтты.

"Бұл - мұсылман зираты. Ал біз анықтаған  құлыптастар төрелерге жатады екен. 17-18 ғасырдағы зират. Назар аудартатыны - мына құлыптас. Ахметқали сұлтанға тиесілі. Ол - Әбілғазы сұлтанның немересі, ең соңғы кіші жүз ханы Арынғазының әкесі. Осы жерде Әбілғазы сұлтанның қалашығы болған. Қалашық туралы өлкетанушылар біледі. Қазіргі  "Солнечный" лагерінің орнында 50-60 жылдарға дейін бекіністің қалдықтары болған. Ол жерді зерттеу керек,іздерін табуға болады. 

Бұл артефакттерге  сүйеніп, біз Ақтөбе тарихы 1869 жыл деу қате деп санаймыз. Ахметқали сұлтанның бейіті, оған дейін де 1848 жылдары жерленген сұлтандар жатыр, демек, 1869 жылға дейін бұл жерде қазақтардың қалашығы болғанын көрсетеді, -дейді Қазақ-түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Талғат Жұмағамбетов.

Ғалымдар енді Ақтөбе қаласының құрылған уақыты кемінде 17-інші ғасырдан бастап есептелуі тиіс дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу