Ақтөбелік тұрғын қарызын өтеу үшін жылқыларды ұрлаған

123

Ұрланған кейбір малды ауыл тұрғындары соғымға сойып үлгерген.  

Ақтөбелік тұрғын қарызын өтеу үшін жылқыларды ұрлаған Фото: polisia.kz

Желтоқсан айының басында Мұғалжар ауданы аумағында еркін жайылымнан 13 жылқы ұрланған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Полиция қызметкерлері аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Темір ауданының тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Тергеу мәліметінше, шаруа қожалығына келтірілген материалдық шығын көлемі – 9 млн теңге. Күдікті қараусыз жүрген жылқыларды қораға айдап әкеліп, оларды өзіне шарт бойынша сеніп тапсырылған, алайда бұрын жоғалып кеткен малы бар азаматтарға таратқан.

Жылқылардың бір бөлігі полиция қызметкерлері тарапынан тәркіленді. Аталған дерек бойынша мал ұрлығы белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу