Telegram мессенджерінде ол TikTok-та видеоларды қарап және лайк қойғаны үшін әр скриншотқа 300-800 теңге табамын деп алданған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Жылдам табыс уәдесіне сенген ер адам бейтаныс біреудің нұсқауы бойынша белгісіз сайтқа тіркеліп, ұсыныстарын қабылдаған. Алаяқтар салынған қаражат 30% пайда әкеледі деп сендірген. Ер адам көрсетілген банктік шоттарға "фильм сатып алу" үшін ақша аударған. Алаяқтар оның сенімін пайдаланып, 2 миллион теңгені иеленген, – деп жазылған Ақтөбе облысының ПД хабарламасында.
Қазір оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу