Ақтөбелік ұстаздар тестілеуде шпаргалка пайдаланған

953

Ақтөбедегі аймақтық тестілеу орталығында өткен сынақ кезінде мұғалімдер түрлі айла-шарғыларға барған.  

Ақтөбелік ұстаздар тестілеуде шпаргалка пайдаланған

Білім саласы педагогтарын аттестациялау 6-9 маусым күндері өтеді. Оған мектепке дейінгі бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру саласында тер төгіп жүргендер қатысқан және тестілеу барысын жергілікті сыбайлас жемқорлыққа қарсы құзырлы ұйымның қызметкерлері жіті бақылап отырған. Соған қарамастан, кейбір олқылықтар орын алады.

Атап айтқанда, алты мұғалімнің кірерде жеке куәлігі болмаған, сол себепті, оларды телефондағы куәлігінің көшірмесі арқылы кіргізуге тура келген. Бір мұғалім ұялы телефонын өшірмей, сол арқылы дайын жауаптарды көшіріп отырған. Әрбір үстелдің астына бақылау камерасы орнатылғанын білмеген тағы екі ұстаз шпаргалка пайдаланған. Олардың барлығы сол бойда тестілеуден шығарылып, үстерінен хаттама толтырылған. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу