Ақтөбелік жедел жәрдем дәрігерлері бір аптада 5 мыңға жуық шақыртуға барған

1027

22 мен 29 қаңтар аралығындағы жедел жәрдемнің жұмыс нәтижесі көпшілікке ұсынылды.

Ақтөбелік жедел жәрдем дәрігерлері бір аптада 5 мыңға жуық шақыртуға барған

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Ақтөбе қаласындағы жедел жәрдемнің бір апталық жұмыс нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

22 мен 29 қаңтар аралығындағы жедел жәрдемнің жұмыс нәтижесі көпшілікке ұсынылды, жедел жәрдем дәрігерлері 5 мыңға жуық шақыртуға барған.

Соның ішінде 39 рет қоғамдық орындарға, жазатайым оқиғалар болған орындарға 301 рет барған. 13 жол апатынан 15 адам ауруханаға жеткізілді. Өлім тіркелген жоқ.

Әйелдің босануына байланысты жедел жәрдем дәрігерлері 197 рет шақыруға шыққан.
Әр түрлі аурулар бойынша 4460 шақыру түскен. Улану бойынша – 7, балалар аурулары бойынша 1880 рет қоңырау қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу