Ақтөбелік жігіт оқушы қыздардың жалаңаш фотоларын желіге жариялап отырған

642

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақтөбелік жігіт оқушы қыздардың жалаңаш фотоларын желіге жариялап отырған

Қазақстандық оқушы қыздардың жалаңаш фотоларын шетелдік әлеуметтік желіге орналастырған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Алматы қаласы Алатау ауданының прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Прокуратура мониторинг жүргізу кезінде "Тик-ток" әлеуметтік желісінде 7-10 жасар аралығындағы жас қыздардың анықталмаған тұлғамен хат алмасып, ересектердің ойға келмейтін тақырыптарын талқылау фактілерін анықтады.

"Аталған факті бойынша Ақтөбе облысының 27 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды, ол телефон арқылы хат алмасу кезінде балалардан жалаңаш суреттерін жіберуін сұрап, ақша төлейтінін айтқан. Оның үстіне бұл жайт турасында ата-аналарына жақ ашпауды өтінген. Сонымен қатар, ол аталған фото суреттерді шетелдік әлеуметтік желілерге орналастырған", - делінген хабарламада.

Күдіктінің іс-әрекеттері ҚР ҚК-нің 312-бабының 3-бөлігі 2-тармағы, яғни "Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды дайындау және айналымға салу" бойынша алдын ала анықталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу