Ақтөбеліктер бір аптада 84 қару мен 1 мың данадан аса оқ тапсырған

1028

Ақтөбеліктер бір аптада 84 қару мен 1 мың данадан аса оқ тапсырған

Ақтөбеде тіркелмеген қару-жарақ пен оқ-дәріні сатып алу акциясы өтіп жатыр. Бір аптаның ішінде 84 қару мен бір мың дана оқ тапсырылған, деп хабарлайды 24.kz.

Суық қарудың басым бөлігі – тегіс және ойық ұңғылы мылтық. Тіркелмеген тапаншалар да бар. Науқан кезінде қаруды өз еркімен тапсырғандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Сонымен бірге қарудың жарамдылығына қарай арнайы сыйақы бар. Тұрғындардың қолындағы қару-жарақты сатып алу үшін бюджеттен 5 млн теңге бөлінген. "Арнайы акцияда суық қаруды жасырып қалғандар заң алдында жауап береді", – дейді тәртіп сақшылары.

Бұл шаралар ауыр қылмыстардың алдын алу мақсатында қолға алынды.

"Бөлінген қаржы толық игерілгенше, акция жалғаса береді. Тұрғындардан қару-жарақ сатып алу шарасы жыл сайын ұйымдастырылады. Оныншы сәуірде басталған республикалық акцияның мақсаты – қолдағы заңсыз қару айналымын тоқтату және ауыр қылмысты азайту. Сонымен бірге тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары да жүргізіледі", - дейді қалалық ішкі істер бөлімінің инспекторы Жұлдыз Сидашева. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу