Ақтөбеліктер рәсімдеген несие көлемі өткен жылмен салыстырғанда екі есе артқан

943

Ақтөбеліктер рәсімдеген несие көлемі өткен жылмен салыстырғанда екі есе артқан

Ақтөбе облысының тұрғындары алған несиенің мөлшері былтырғыдан екі есе көп. Бұл туралы бүгін Ұлттық Банктің Ақтөбедегі филиалында хабарланды, деп жазады aktobenews.kz.

"Бірінші жартыжылдықта банктердің белсенділігі байқалады. Яғни, 2017 жылдың қаңтар-маусым айларында облыс банктері берген несие соммасы 139 млрд теңгені құрайды. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 99,9 пайызға өскен", — деді Ұлттық Банктің Ақтөбедегі филиалының директоры Перизат Әсембетова.

Соның ішінде жеке кәсіпкерлікке 16,2 млрд теңге несие берілген. Сондай-ақ, заңды тұлғалар екінші деңгейлі банктерден 75,6 млрд теңге несие алған. Бұл былтырғы көрсеткіштен екі есе артқан. Жеке тұлғалар да қалыс қалмай, 64,3 млрд теңгеге несие рәсімдеген.

Қазақстан бойынша несие алудан Ақтөбе облысы төртінші орында (Астана мен Алматы қалаларын есептемегенде). Облыс бір жылдың ішінде екі орынға көтерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу