Ақтөбеліктер жедел жәрдемнің қозғалысын телефондағы қосымша арқылы көре алады

332

Бұл Яндекс Go қосымшасы арқылы іске асады. 

Ақтөбеліктер жедел жәрдемнің қозғалысын телефондағы қосымша арқылы көре алады Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Бұрын мұндай мүмкіндік тек браузердегі картада сілтеме арқылы ғана қолжетімді болды. Енді бұл қызмет оданда ыңғайлы бола түсті. Яғни, жедел жәрдем көлігінің қай жерде келе жатқанын Яндекс Go қосымшасы арқылы көруге болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шақырту түскен кезде, жүйе автоматты түрде Яндекс Go қосымшасынан push-хабарлама жібереді және медицина мамандары қай жерде келе жатқанын, сондай-ақ оның қанша уақыттан кейін келетінін көрсетеді.

Yandex Qazaqstan басшысы Тимур Шалекеновтың айтуынша, бұл ақпаратты туысыңызға тікелей қосымшадан жіберуге болады. Егер қосымша орнатылмаған болса, өтініш берушінің телефонына картаға кіретін сілтемесі бар SMS-хабарлама келеді. Картаны браузерден ашқан кезде, пайдаланушы жедел жәрдемнің қозғалысын нақты уақыт режимінде көре алады.

Айта кетейік, бұл бастама Ақтөбе әкімдігімен және ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп іске асырылған. Алғашқы кезеңде мүмкіндік Ақтөбедегі тек белгілі бір шақыртуларға ғана қолжетімді. Болашақта оны қала бойынша барлық шақыртуларға енгізу жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу