Ақтөбені жарылыстан бұлақ сақтап қалды

404

Облыстық магистральды газ құбырлары басқармасы басшысы газ бөлуші бекеттегі апаттың мән-жайы туралы айтты.   

Ақтөбені жарылыстан бұлақ сақтап қалды Фото: Inbusiness.kz

"Береке" тұрғын үй алабындағы құбырдан шыққан ақаудан ауаға 12 мың текше метр газ таралған. Апатқа нақты не себеп болғанын арнайы комиссия анықтайтын болады. Қазір құбыр маңында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

"Кешкі сағат  21-45-те газ бөлу бекетінде қысым "құлап" кетті. Себебі, "Берекенің"  маңайында газ шыға бастаған екен. Дереу көлемі 1200-дік құбырдан бұранданы жауып, сағат 22-45-те газдың ауаға таралуын тоқтаттық. Нысанды 2 жыл бұрын "МВК Құрылыс" компаниясы мекеме салған. Тапсырыс беруші - қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі. Барып қараған сәтте жинағыш конденсаттың төменгі жағында дәнекерлеген қақпақ ұшып кеткен. Газ сол жерден шыққан. От тисе қауіпті болды. Неге жанбады, өртенбеді десек, қасында бұлақ бар екен, жер  сулы. Апаттың себебін арнайы комиссия  тексереді",- деді Ақтөбе облыстық магистральды газ құбырлары басқармасының басшысы Ділдәбай Тайшымов.

Апаттың салдарынан зардап шеккен ешкім жоқ. Барлық тұрғын үйге көгілдір отын барып тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу