Ақтөбенің әкімдігі 100 мыңға сүрткіш сатып алды

501

Ақтөбе әкімдігінде сүрткішке тендер жарияланып, сол үшін қазінадан 200 мың теңге бөлінген.

Ақтөбенің әкімдігі 100 мыңға сүрткіш сатып алды Фото: inbusiness.kz

Ақтөбенің облыстық әкімдігі қонағын қатты құрметтейді. Аяғына шаң тигізбеуге дайын. Сол үшін тендер жариялап, қазынадан 200 мың теңге қарастырған. Алайда, байқау жеңімпазы болып танылған кәсіпкер 99 мыңға 200 дана майлы сүрткіш алып беруге келіскен.

"Біздің мекеме әкімдікке келген тұлғалар және ресми өкілдер, шетелдік делегация өкілдерімен жұмыс жасап, ұйымдастыру шараларымен айналысады. Соларды таситын көліктерде осы аксессуар болуы керек. Аяқ киім сүртуге арналған майлы сүрткіш 2019,2021 жылдары да алынды. Мемлекеттік сатып алу порталында тендер ойнатылып, жеңімпаз анықталды. 29-мамырда шарт жасалды.  Порталдағы сумма 214 млн 286 теңге болатын, өнім беруші  99 мың 600 теңгеге  200 данасын алып беретін болды", - деді Ақтөбе облыстық әкімдігі іс басқармасы басшысының орынбасары Тимур Рыскелдин. 

Оның айтуынша, бюджеттің қаржысына сатып алған майлы сүрткіштерді әкім немесе оның орынбасарлары тұтынбайды.  Делегация алыс ауылдарға, өндіріс орындарына барғанда, аяқ киіміне шаң тұрса пайдалануға керек деп түсіндірді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу