Ақтөбенің бас дәрігерлері түрмені аралады

775

Қылмыстық – атқару жүйесіне қаламыздың медицина мекемелерінің 30-дан аса дәрігерлері қатысты.  

Ақтөбенің бас дәрігерлері түрмені аралады

Ақтөбе қаласындағы медицина мекемелерінің бас дәрігерлері бас бостандығынан айыру орындарын аралады, деп хабарлайды "Ақтөбе – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің баспасөз қызметі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті ҚР ІІМ облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп К-168/1 мекемесінде "Өз бостандығыңды бағала!" атты акция ұйымдастырды.

"Басты мақсат – медицина, білім саласындағы, мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Жемқорлық іс-әрекеттің кесірінен тартылатын жазалар туралы еске салу және  бас бостандығынан айыру мекемелерінде болудың қаншалықты қиын екенін сезіндіру", – деді  "Ақтөбе – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Жанболат Тұртаев.

Тергеу изоляторының қызметкерлері экскурсия қатысушыларына қамаудағыларға арналған жатақханасын, тергеу кабинеттерін, ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлерге арналған камераларды, серуендеуге арналған орындарды және тамақтану орындарын көрсетіп,  бас бостандығынан айырылған адамдар қандай қылмыстық әрекеттер жасағанын және олардың жағдайы туралы айтып көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік аталмыш шара республика бойынша алғаш болып Ақтөбе облысында 2018 жылдың қаңтар айында өткен болатын. Ол кезде 40-қа жуық мемлекеттік қызметшілер қылмыстық – атқару жүйесінің тіршілігімен танысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу