Ақтөбе бюджетінің басым бөлігі әлеуметтік салаға жұмсалады. Мектептерді жөндеуге, компьютар сатып алуға, оқулықтарға қомақты қаржы бөлінді, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
Ақтөбе облыстық мәслихатында бүгін 2018-2020 жылдардың бюджеті талқыланды. Ақтөбе облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Олжас Смағұловтың айтуынша, білім басқармасына 19 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінеді. Колледждерде мамандар дайындау үшін 7,5 миллиард теңге қарастырылған. Ал мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында салынған балабақшаларға мемлекеттік тапсырыспен балаларды ортанастыру үшін 3,5 миллииард теңге бөлінеді. Облыс мектептерін жөндеуге де қомақты қаржы бөлінді. Барлығы 34 мектепке 1,2 миллиард теңге жұмсалады. Ал 2 мың дана компьютер алу үшін 325 миллион теңге берілді.
"3, 6, 8, 10 сынып оқулықтарын сатып алуға 510 миллион теңге қарастырылды. Келер жылы облыстық ІІД 7,7 миллиард теңге бөлінеді. Бұл қажы департаменттің материалдық-техникалық базасын жаңартуға бағытталды. 9,9 миллиард теңге жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бөлінді. Жол құрылысы мен "Ақтөбе-Шалқар-Ақтөбе" бағытындағы пойызды субсидиялауға арналған", — деді Олжас Смағұлов.