Ақтөбенің экологиялық проблемаларын кешенді шешудің жол картасы әзірленеді

965

Ақтөбеліктер министрлікке өңірдің экологиялық проблемаларын шешу жоспарын құруға көмектеседі.  

Ақтөбенің экологиялық проблемаларын кешенді шешудің жол картасы әзірленеді

Ақтөбе облысының эко-белсенділері мен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мамандары облыстың экологиялық проблемаларын кешенді шешудің жол картасын әзірлейді. Бұл туралы министрлік бесшысы Мағзұм Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

"Ақтөбе облысы жұртшылығы өңірдегі экологиялық ахуал туралы  әлеуметтік желіде бірқатар мәселелер көтеруде. Бүгін эко-белсенділермен, жұртшылықпен осы себеппен онлайн-кездесу өткіздік. Қатысушылар атмосфералық ауаны мониторингілеу, ластаушы көздер туралы толғандырған мәселелерді, сондай-ақ проблемаларды шешудегі өз көзқарастарын білдірді", – деп жазды министр.

Кездесу қорытындысында эко-белсенділермен бірге жақын аралықта эмиссияларды қысқарту, жасыл белдеуді дамыту, өндіріс қалдықтарын басқару шараларын қарастыратын облыстың экологиялық проблемаларын кешенді шешудің жол картасын жасап, бекіту келісілген.

"Бұл шаралардың барлығы кейіннен өңірдегі әкімдікпен бірге іске асырылады" –, деп нақтылады ол.

Оның айтуынша, министрлік еліміздің басқа өңірлерінде де осындай кездесулер ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Фото: Shutterstock.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу