Ақтөбенің қоғамдық көліктерінде елордадағыдай дифференциалды тариф енгізілмек

884

Ақтөбеде карточкамен емес, қолма-қол ақшамен төлейтін тұрғындар жолақыға 160 теңге жұмсауы мүмкін.

Ақтөбенің қоғамдық көліктерінде елордадағыдай дифференциалды тариф енгізілмек

Қала әкімі Мавр Абдуллиннің сөзінше, келер жылы Ақтөбенің қоғамдық көліктерінде елордадағыдай дифференциалды тариф енгізілмек. Яғни қолма-қол ақшадан гөрі, карточкамен төлеген әлдеқайда тиімдірек болмақ, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

"Қазір жолақы мөлшері 80 теңге болса, келесі жылы 160 теңгеге дейін жоғарылатуды жоспарлап отырмыз. Есесіне, қолма-қол ақшасыз төлем жасауға тұрғындарды ынталандыру үшін карточкамен төлейтін адамдарға жолақы мөлшері 80 теңге болып қала береді. Сонда кәсіпорынға түскен қаражатты, халықтың қанша рет автобусқа мінгенін ашық есептей алатын боламыз", – деді қала әкімі Мавр Абдуллин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу