Ақтөбенің Қожасай-Жаңажол бағытындағы жолды су басты

403

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы Жем өзенде сең жүріп, жергілікті маңызға ие жолды су басты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтөбенің Қожасай-Жаңажол бағытындағы жолды су басты Фото: egemen.kz

Бүгін сағат 12:10-да Қожасай-Жаңажол бағытындағы жергілікті маңызы бар автожолдың төртінші шақырымын су басты. Оның ені 70-80 метр болады.

"Елді мекендерге қауіп жоқ. Қатынас жол жүру мүмкіндігі жоғары техниканың көмегімен жүзеге асырылуда. Еріген қар суының деңгейі төмендегеннен кейін қалпына келтіру жұмыстары жоспарланып отыр. Оқиға орнына жергілікті атқару орган өкілдері және ТЖ күштері жұмылдырылды. Кезекшілік ұйымдастырылды",- деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Байғанин ауданында ауыл маңындағы сайға су жиналып, 4 жасар бала батып кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу