Ақтөбенің Құршасай ауылында ауылдықтар Наурызды ерекше атап өтті

1430

Ауыл жастары бастама көтеріп, қаражат жинап, соған мереке ұйымдастырған, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Ақтөбенің Құршасай ауылында ауылдықтар Наурызды ерекше атап өтті Фото: inbusiness.kz

Құршасай елдімекені Ақтөбеден 15 шақырым жерде орналасқан. Сегіз мыңға тарта тұрғыны бар. Ауылда екі мектеп, бір балабақша бар. Халық енді мәдениет үйін тұрғызып берсе деген тілегін айтты.

Жаңадан салған  мектеп алаңын сахнаға айналдырып, маңайына алты киіз үй орнатқан. 

Киіз үйдің есігі барлық келушілерге айқара ашық болды. Мерекені тойлауға келгендер көже ішіп, бауырсақтан дәм тәтті. 

Ауыл тұрғындары Наурызға ерекше дайындалыпты. Қыз-келіншектер  ұлттық нақыштағы бешпентін, қыздар жағы тақиясын кие келген.

Сахнаның сәнін әжелер ансамблі ашты. Кимешекті он сегіз әже "Дедімай-ауды" әуелете шырқады. Мерекеде шашу шашты.

Наурыз мерекесімен құттықтауға қала әкімі М.Жөребеков те келді. Ауылдықтар жол, қоғамдық көлік мәселесін көтерді. Әкім ауылды дамыту бағдарламасы аясында мәселелер қалалық мәслихаттың сессиясында талқыға салынатынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу