Ақтөбенің Мәртөк ауданында КСРО құжатымен жүргендер бар

671

Мекемелер бір құжатты ең кемі жарты жыл дайындайды.

Ақтөбенің Мәртөк ауданында КСРО құжатымен жүргендер бар

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында 18 адам Қазақстан Республикасы азаматының жеке бас куәлігін алды. Олардың кейбірінде жеке басын куәландыратын ешқандай құжат болмаса, кейбірі әлі күнге КСРО төлқұжатымен жүріпті. Былтыр осындай 28 адам анықталып, арнайы органдар олардың куәлігін рәсімдеуге көмектескен екен. 

"Адамдардың ондаған жылдар бойына құжатсыз жүре беруінің себебі әртүрлі. Менің байқағаным, олардың көпшілігі заңдық тұрғыдан өте сауатсыз, нені қайда, қалай рәсімдеу керектігінен хабарсыз, арызды өзіміз айтып тұрып жазғызатын кездер жиі кездеседі. Бұдан бөлек, қиын кезеңді басынан өткергенде тез сынып, қайтадан аяғынан тік тұрып, өзін қолға алуға күші жетпейтін адамдар болады. Ондайлар  аяқ астынан бір кісілер пайда болып, барлық шаруаларын шешіп беретіндей көріп, жүре береді.  Бізге, амал жоқ, олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кейде жігерлендіріп жіберуге де тура келеді", – дейді Мәртөк аудандық көші-қон қызметі тобының аға инспекторы Зульфия Ағзамова. 

Өкінішке қарай, төлқұжатсыз тұрғындар соның салдарынан ұзақ жылдар бойына елде көрсетілетін барлық медициналық, әлеуметтік, құқықтық көмектен құр қалып келгені де мәлім болып жатады. Мекемелер бір құжатты дайындау үшін орта есеппен кем дегенде жарты жыл жұмсап отыр. Себебі, олардың жеке басын нақтылау үшін анықтамалар жинау, сұрату, басқа да процестер көп уақыт пен күшті талап етеді. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу