Ақтөбенің мемлекеттік қызметкерлері Абай облысына көмек қолын созды

474

Ақтөбе облысы әкімдігінің қызметкерлері Абай облысындағы орман өртінен қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Ақтөбенің мемлекеттік қызметкерлері Абай облысына  көмек қолын созды Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Ақтөбе облысының мемлекеттік қызметшілері Абай облысындағы орман өртінен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін бір күндік жалақысын аударады.

"Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Олардың әрқайсысы өз өмірін басқалар үшін құрбан етіп, еңбектеріне нағыз адал болған жандар. Біз бұл болған төтенше жайдайды жәй ғана сырттан бақылап отырмауымыз керек. Мен орман өрттерінен зардап шеккендерге қолдау көрсету мақсатында бір күндік жалақыны аударуды ұсынамын. Сондай-ақ, біз осындай төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылдауымыз қажет", - деп атап өтті деді  аймақ басшысы Ералы Тоғжанов.

Айта кеткен жөн, облыста 97 қосалқы бірлік, 16 бірлік арнайы және 81 бірлік өрт сөндіру техникасы, 5 өрт сөндіру пойызы, 2 203 адамнан тұратын 320 ерікті өртке қарсы құрылым, 8 орман шаруашылығы бар.

Өңірде 78 мыңнан астам тұрғыны бар 146 елді мекенді өртке қарсы қорғауды қамтамасыз ететін 41 өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді. Бекеттердің базасында 25 бірлік өрт сөндіру және 16 бірлік бейімделген техника бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу