Ақтөбенің облыстық әкімдігінің дәлізінде кеңестен шыққан шенеуніктер мен мемлекеттік қызметшілер киім ілгіш маңында кептеліс тудырды, деп хабардайды "Диапазон".
Жиынға келген ақсақалдар мен әйелдер киімдерін әзер алып шыққан. Келушілер кезектен шығу үшін адамдарды күштеп итеруге мәжбүр болыпты.
"Бұл жердегілер бетке ұстар әкімдеріміз емес пе – өздерін осылай көрсетуге бола ма екен, дейді аң-таң болғандар. Осы қарбаласта бас киімін жоғалып алғандар да бар.
Сырт киімін алған жұртқа шығар есікке беттеудің өзі мұң болды. Өйткені кезекке тізілген қарақұрым халық, кезегінен айырылып қалмау үшін ығысқысы келмепті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу