Ақтөбенің орталық даңғылына алып шар орнатылады

1085

Ақтөбенің 150 жылдығына құрылысшылар ерекше сый дайындап жатыр.

Ақтөбенің орталық даңғылына алып шар орнатылады

Ақтөбе қаласының мерейтойына орай облыстық құрылыс және сәулет басқармасы ұйымдастыруымен құрылысшылар шар әзірлеп жатыр, деп хабарлайды аktobenews.kz.

Оның диаметрі 5 метр болады. Революцияға дейін, Кеңес үкіметі дәуірінде және тәуелсіздік жылдары Ақтөбе қаласында салынған ғимараттар шарда бейнеленеді. Сондай-ақ Қазақстанның және Ақтөбе облысының картасы салынады. Әр аудан орталығының атауы жазылады.

"Әуелі металдан шардың қаңқасы жасалады, содан кейін бетон құйылады. Ал бетін плиткалы мозайкамен безендіреміз. Бұл өте әдемі әрі ұзақ уақытқа төзімді материал", – деді облыстық құрылыс және сәулет басқармасы басшысының орынбасары Ербол Кенжалы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу