Ақтөбенің саябағынан сән кетті

474

Ақтөбе қалалық әкімдігі былтыр 8 субұрқақты жөндеуге қазынадан 245 млн теңге қарастырған

Ақтөбенің саябағынан сән кетті Фото: inbusiness.kz

Ақтөбеде екі бірдей саябақ астаң-кестеңі шығып жатыр деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Біреуі – Орталық саябақтағы сулы-жасыл гүлзар. Ол 15 жылдан бері жөндеу көрмеген. Ақтөбе қалалық әкімдігі былтыр 8 субұрқақты жөндеуге қазынадан 245 млн теңге қарастырған. Жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер де анықталған. Жоспар бойынша, барлық жұмыс өткен жылдың аяғында аяқталуы тиіс еді. Алайда, мердігер жұмысты діттеген уақытта аяғына жеткізбей, әкімдік сотқа беріп, келісім-шарт бұзылды. Қазір қаланың атқарушы билігі жұмысты тындыратын жаңа компания іздестіріп жатыр.

"Өткен жылы  Орталық саябақ пен "Зеңбірек" ескерткіші маңындағы сабяқты жөндеу жұмыстарына және қаладағы сегіз субұрқақты қалпына келтіруге  245 млн  теңге бөлу қарастырылды. Мердігер  мекеме барлық жұмысты 2022 жылдың желтоқсанында толық аяқтуы керек еді.  Біз қазір ол  мердігер мекемемен соттасып, келісім-шартты бұздық. Қазір қайтадан сметалық құжаттама дайындап, қалалық мәслихаттың сессисында қалған қаражатты аударуға қолдау алып, қазір конкурстық құжаттарды шығардық. Жеңімпаз анықталса, жұмыстар жалғасады", - деді қалалық тұрғын үй , коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Серік Дәулетов.

Ақтөбеде 66  саябақ пен 22 субұрқақ бар. Биыл үш саябақ жасап жатыр. Оның құны – 133 млн теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу