Ақтөбенің Шалқар қаласында үш жасар бала дәретханаға құлап, қайтыс болды

593

Қайғылы жағдай 3 мамыр күні болған.

Ақтөбенің Шалқар қаласында үш жасар бала дәретханаға құлап, қайтыс болды Фото: tengrinews.kz

"Бала ауладағы дәретханаға құлап кеткен. Шұңқырдан туысқаны алып шыққан. Санитарлық авиациямен облыс орталығына жеткізгенімен, бала бірнеше күннен соң қайтыс болды. Баланың ата-анасына қатысты Қылмыстық кодекстің " Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау" бабы бойынша тергеу жүріп жатыр", деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлердің хабарлауынша, оқиға болған сәтте анасы үлкен баласымен облыс орталығына  дәрігерге қаралуға кеткен. Әкесі жұмыста болған. Үш жасар ер баланың жанында туыстары болған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу