Сот шешімін орындамаған шошқа фермасының иесі үйқамақта отыр

768

Сот орындаушылары құбырларды дәнекерлеп, көң қоймасының есігіне құлып салды.

Сот шешімін орындамаған шошқа фермасының иесі үйқамақта отыр

Ақтөбедегі шошқа фермасында енді көң шығарылмайды, ағынды суды төгуге рұқсат жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Бестамақ ауылында орналасқан "Парижская коммуна XXI" ЖШС-ға экологиялық заңнаманың бұзылуына байланысты сот үкімімен 7 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынған еді. Соттың шешімімен Ақтөбе облыстық Экология департаментінің лас суды төгу мен көң сақтау қызметін тоқтату туралы талап-арызы да қанағаттандырылды. Екі шешім де бүгінгі күні күшіне енді.

"Сот орындаушылары серіктестікке лас суды төгу және көң қоймасының жұмысын тоқтату туралы хабарлама жолдады. ​Алайда "Парижская коммуна XXI" ЖШС тарапынан сот шешімдерін орындау бойынша тиісті шара қабылданбады және оларды орындауға ниет білдірмеді. Сот орындаушылары құбырларды дәнекерлеп, көң қоймасының есігіне құлып салды", - деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Қазіргі кезде шошқа фермасының иесі Гайк Тертерян үйқамақта отыр. Оған қатысты қылмыстық тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу