Ақтөбенің ұны 6 мемлекетке экспортталады

305

Олар: Ресей, Түрікменстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Моңғолия және Қытай.  

Ақтөбенің ұны 6 мемлекетке экспортталады Фото: gov.kz

Ақтөбеде өндірілетін ұн өнімдеріне шетелдік нарықтағы сұраныс артып келеді. Жергілікті кәсіпорынның өніміне сұраныс жоғары, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Granum кәсіпорнының өндірістік тарихы 1991 жылдан басталады. Сол кезеңнен бері бидай өңдеу және ұн өнімдерін өндіру бағытында жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын бүгінде тұрақты өндірістік әрі экспорттық әлеует қалыптастырған.

Granum өнімдері ішкі нарықта да кеңінен ұсынылады. Өндіріс заманауи технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Кәсіпорында итальяндық және швейцариялық өндірістің диірмен кешендері орнатылған. Жабдықтар тәулігіне 550 тоннаға дейін астық өңдеуге мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 100 мың тонна ұн және 20 мың тонна макарон өнімдерін өндіруге есептелген. Қазіргі таңда өндіріс орындарында 330 адам еңбек етеді.

Кәсіпорынның экспорттық географиясының кеңеюі Ақтөбеде өндірілетін агроөнеркәсіптік өнімдердің сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді. Бүгінде Granum өнімдері алты елге жеткізіліп, өңірдің экспорттық әлеуетін арттыруға үлес қосып отыр.

30 жылдан астам уақыт ішінде кәсіпорын бидайды терең өңдеу, дайын өнім өндіру және оны сыртқы нарықтарға шығару бағытында тұрақты өндірістік тізбек қалыптастырды. Алдағы кезеңде кәсіпорынның экспорттық бағыттарды сақтап, өнім көлемін арттыруға мүмкіндігі бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу