Ақтөбенің Ырғыз ауданында да төтенше жағдай жарияланды

271

Өңірден 143 адам (25-і — бала) эвакуацияланған. 

Ақтөбенің Ырғыз ауданында да төтенше жағдай жарияланды Фото: видео скриншот

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында су деңгейі көтеріліп, төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

8 сәуір түнде Ақтөбе қаласындағы Қарғалы су қоймасы мен Қарғалы өзенінде су деңгейі көтерілуіне байланысты Ақжар және Садовый тұрғын алабы аумағындағы бау-бақша ұжымдарын су басу қаупі төніп, 143 адам (25-і — бала) көшірілген.

Қарғалы өзені арнасынан шығып, Садовый алабына қарай жайылған. Әкімдіктің мәліметінше, алты үйге су кірген. Жергілікті билік судың бағытын бұру, бөгеу жұмыстары жүріп жатқанын айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу